- 30.10.2026
- Админ
- Атырау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ»
КММ білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 18 тамыздағы № 222-НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 338 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі» негізінде педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Мектептегі бос лауазымдар:
- Көркем еңбек мұғалімі 10 сағат( тұрақты орын)
Мектептегі педагогтердің бос лауазымы туралы ақпаратты hr-nobd.edu.kz , жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің https://aktobe63school.daryn.edu.kz/ сайты, инстаграмм парақшасында «63zhbboml» жарияланады. Конкурсқа қатысу құжаттары хабарландыру жарияланған күннен кейін, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (29 қазаннан 09 қарашаға дейін). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде https: // hr-nobd.edu.kz/ порталы арқылы электронды түрде жолдайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:
ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылған талаптарына сүйене отырып:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
- білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
- пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
- бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық
- өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
- журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
- оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
- инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
- арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
- ата-аналарға кеңес береді;
- кәсіби құзыреттілікті арттырады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талап:
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде
"Педагогті жұмысқа қабылдау" модуліне мынадай құжаттарды жүктейді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып – болған жағдайда);
3) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері қосымшасымен бірге;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының барын растайтын куәлік (болған жағдайда) немесе "педагог" мәртебесін беру туралы бұйрық;
7) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе біліктілік санатының (педагог-модератор немесе педагог-сарапшы, немесе педагог-зерттеуші, немесе педагог-шебер) барын растайтын куәлік (болған жағдайда), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT) – 60-65 балл;
8) осы Қағидаларға 12 немесе 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос тұрған немесе уақытша бос тұрған педагог лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
9) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан (болған жағдайда) ұсыным хат.
Жеке басын куәландыратын, білімі туралы құжаттар, психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтамалар, наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтамалар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Мекеме атауы: «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Алтын орда ауданы. И.Әміров,7. Электронды пошта: mektep.mirzhakip63@yandex.kz,байланыс телефоны 8(7132) 45-36-90