- 27.03.2026
- Админ
- Атырау
Педагогтың бос лауазымына конкурс жарияланады
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ» КММ білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы 3-тарау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі» негізінде педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.
Мектептегі бос лауазымдар:
1.Педагог-ассистент (бастауыш сынып), 1 бірлік (уақытша орын)
Мектептегі педагогтың бос лауазымы туралы ақпаратты hr-nobd.edu.kz , жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің https://aktobe63school.1-bilim.kz/ сайты, инстаграмм парақшасында «63zhbboml» жарияланады. Конкурсқа қатысу құжаттары хабарландыру жарияланған күннен кейін, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (26 наурыздан 06 сәуірге дейін).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде https: // hr-nobd.edu.kz/ порталы арқылы электронды түрде жолдайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:
ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 11-параграф, 80 тармағына сәйкес, педагог-ассистентіне қойылған талаптарына сүйене отырып:
Лауазымдық міндеттері:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
- білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
- оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;
- белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Педагог-ассистентке қойылатын талап:
- жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
- және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Мекеме атауы: «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Алтын орда ауданы. И.Әміров,7. Электронды пошта: mektep.mirzhakip63@yandex.kz,байланыс телефоны 8(7132) 45-36-90